10 қыркүйек 2021

Subaru Kazakhstan ұсынған «Мен Subaru - мен жазды қалай өткіздім» фото-конкурсы

Достар, біз Facebook және Instagram-дағы жазылушыларларымыз үшін «Мен Subaru-мен жазды қалай өткіздім» атты үлкен SUBARU-КОНКУРСЫН жариялап отырғанымызға қуаныштымыз.

Конкурс тек Subaru автокөліктерінің иелері арасында ғана өткізіледі. Бас ЖҮЛДЕ - iPhone 12.

ТАПСЫРМА:

  • Facebook-тағы қатысушылар үшін:  бізге жеке хабарламамен   өзіңіздің көлігіңіз туралы қызықты шағын тарихы бар жазғы   Subaru-фотосуретті  жіберіңіз.
  • Instagram-дағы қатысушылар үшін: өз парақшаңызда қызықты жазғы Subaru-фото және өз автокөлігіңіз туралы шағын әңгіме жариялау. Фотода  @subaru.kazakhstan-ды белгілеп кету және мәтінде #ХочуПодарокОтSubaruKZ (#SubaruKZ-тен Сыйлық Алғым келеді) хэштегін қою.

БІЗДІҢ ЖҮЛДЕЛЕР:

  • №1-жүлде  –Apple iPhone 12 128G смартфоны
  • № 2-жүлде  - Samsung VR робот шаңсорғышы

Ұйымдастырушылардан модерациядан өткен конкурстық жұмыстар жүлделер ұтысына қатысатын болады. Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады.

АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ –SUBARU фирмалық арқа қоржыны.

Бұл сыйлықты достарыңыздың бірі алады – оларды конкурс шарттары көрсетілген пост астындағы түсініктемелерде (@аты) белгілеңіз. Бұл ұтыс ойынына қатысу үшін конкурсқа қатысушы болу міндетті емес. Жүлдегер кездейсоқ сандар генераторының көмегімен анықталады.

Конкурсты ӨТКІЗУ КЕЗЕҢІ: 2021 жылғы 10 қыркүйектен бастап 28 қыркүйекті қоса алғанға дейінгі мерзімде.

ҰТЫС ОЙЫНЫН ӨТКІЗУ: 2021 жылғы 30 қыркүйекте Subaru Kazakhstan бетінде тізім генераторының көмегімен тікелей эфирде өткізіледі.

КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР:

  • Автокөлікті ерекше жағдайларда басқару: жолсыз жерлермен жүру, дрейф және т. б.;
  • Subaru автокөлігімен, кез-келген жерде;
  • Subaru, мен және менің отбасым;
  • Менің ерекше Subaru-ым - бұл жайлылық пен тыныштыққа толы өмір;
  • Subaru – балшықтан қорықпайды!
  • Әмбебаптылық: сыйымдылығы жоғары автокөлік.
  • Өз нұсқаларыңа рұқсат етіледі.

КОНКУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Жазғы Subaru-жақсы сапалы фото. Автокөлік сәулет ескерткіштері, қаланың көрікті жерлері мен қызықты төңірегі және/немесе табиғат аясында түсірілуі тиіс. Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша ерекше жағдайларға жол беріледі. Facebook үшін фотосуреттің өлшемі кемінде 1200 px / 630 px, Instagram үшін ұсынылған өлшем - 1080 px болуы керек.
  • Фотосуретке Subaru туралы шағын әңгіме, қызықты оқиға айтып, автокөліктің артықшылықтарын атап өту керек. Тапсырма - таңдалған тақырып аясында аудиторияға неге Subaru таңдағаныңызды жеткізу;
  • Көрсету-моделі, шығарылған жылы және түсіру орны;
  • Конкурсқа қатысуға Subaru кез келген модельдері бар фото жіберіледі. Басты шарт-конкурсант осы автокөліктің иесі және фотосуреттің авторы болуы тиіс;
  • Бір қатысушыдан тек бір фотосурет қабылданады. Әр түрлі аккаунттардағы қайталанатын фотосуреттер қабылданбайды;
  • Кескін экранға бұрыштан түсірілген, нашар көрінетін фотосуреттер, кадрда басқа адамдардың бастары көрініп тұрған, жарықпен проблемалары бар (блик /қоңырқай/, жарықтандырылған фото), кадрдағы автокөліктің қандай моделі түсініксіз, селфи фотосуреттер - конкурсқа қатысуға қабылданбайды.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ПАРАҚШАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Конкурсқа қатысушылардың беттері барлық пайдаланушылар үшін конкурс өткізудің барлық кезеңінде нәтижелер жарияланғанға дейін ашық болуы тиіс;
  • Қатысушының парағында кем дегенде бір нақты фотосурет және кем дегенде 10 досы болуы керек. Конкурсанттың бетінде бір апта ішінде конкурстардың 3 репостынан артық болмауы тиіс;
  • Қазылар алқасы, егер конкурсқа қатысушының парақшасында ҚР заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік желілер әкімшілігімен тыйым салынған материалдар жарияланса, фотоны конкурсқа қабылдамауға құқылы.

ШАРТТАРЫ:

  • Конкурс ҚР аумағында тұратын 18 жастан асқан Facebook және Instagram-дағы Subaru Kazakhstan ресми парақшаларының жазылушылары арасында өткізіледі (сондай-ақ, Facebook-тегі жазылушылар «Ұнайды» белгісін қойған пайдаланушылар болып саналады);
  • Барлық конкурстық жұмыстар модерациядан өткеннен кейін ғана қатысуға жіберіледі. Қандай да бір жұмыстың қатысуына байланысты кез-келген мәселедегі түпкілікті шешім – байқау ұйымдастырушыларына қалады;
  • Жүлделер жеңімпаздарға жіберілмейді – тапсыру тек ресми дилерлік орталықтарда жүргізіледі және фотосессия өткізу қарастырады;
  • Байқауға қатыса отырып, сіз фотосуретке қатысатын автокөліктің иесі екеніңізді, фотосуреттің авторы екеніңізді растайсыз, егер сізде үшінші тұлғалар болса, осы фотосуретті жариялау құқығын беру мүмкіндігі бар. Байқауды ұйымдастырушылар жеңімпаздан оның автокөлігінің қосымша фотосуреттерін, фотосуретке тартылған көліктің иесі екеніне көз жеткізу үшін техникалық төлқұжаттың деректерін сұратуға құқылы;
  • Аталған шарттар сақталмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы ұтыс ойынын қайта өткізуге құқылы;
  • Конкурс аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар жеңімпаздардан жеке хабарламада жүлдені ұсыну үшін қажетті ақпаратты сұрайды. Егер жеңімпаздар әкімшінің хатына 3 күн ішінде жауап бермесе, конкурсты ұйымдастырушы ұтыс ойынын қайта өткізуге құқылы.
  • Конкурсқа қатыса отырып, Сіз автоматты түрде «Subaru Kazakhstan» ЖШС компаниясының кез-келген жарнама тасығыштарындағы есімдерді, мәтіндерді/фотоларды пайдалануға өз келісіміңізді бересіз.

 Сәттілік тілейміз!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Ұйымдастырушы ешқашан жеңімпаздан жүлденің логистикасына ақы төлеуді немесе жүлдені алу үшін Ұйымдастырушының пайдасына басқа аударымдар жасауды сұрамайды. ЖЕҢІМПАЗ ЕШҚАНДАЙ АҚЫ ТӨЛЕМЕЙДІ!

Байқаудың ұйымдастырушысы «Subaru Kazakhstan» ЖШС компаниясы.


icon icon icon icon icon

www.subaru-almaty.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.