10 желтоқсан 2020

Subaru Levorg Жапонияда жылдың үздік автокөлігі деп танылды

Жапонияда «Жыл автокөлігі» (Car of the Year Japan) байқауының қорытындысы шығарылды. Subaru Levorg универсалы ең үздік деп танылды және бұл марканың бас жүлдеге үшінші мәрте ие болуы.

Жапонияда үздік автокөлік атағына байқау 1980 жылдан бері өткізіліп келеді, қазылар алқасының құрамына жергілікті журналистер мен автосарапшылар кіреді– биыл олардың саны 60 адам болды. Конкурсқа 2019 жылғы 1 қараша мен биылғы жылдың 31 қазаны аралығында жапон нарығында пайда болған 30-дан астам көлік қатысты.

Сарапшыларға «жайлылық пен маневрлік», сондай-ақ жаңа 1.8 оппозиттік турбиналы қозғалтқышы, интерьердің өңделуі мен EyeSight қауіпсіздік жүйелерінің жақсартылған кешені ұнады.

Сонымен қатар спорттық универсал үздік әрі тұрақты рульдік басқаруы, жүру жайлылығы және Subaru оппозиттік турбиналы бензин қозғалтқышы үшін ерекше аталып өтілді. Қазылар алқасының пікірінше, бұл мотор &mdash Subaru қозғалтқыштар өндірісінің биік шыңы болып табылады, ол шу мен дірілдің төмен деңгейімен сипатталады және сонымен бірге автокөлікті керемет динамикамен қамтамасыз етеді. 

Сыйлықтың жеңімпазын анықтау процедурасы YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді.

 
icon icon icon icon icon

www.subaru-almaty.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз.

Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.